Agetis Supplements

FacebookLinkedinInstagram

  • Latvian (lv-LV)
  • Czech
  • Lithuanian
  • Română
  • Slovenčina
  • Български
  • Українська (Україна)
  • Russian
  • Kazakh
  • Greek
  • English (UK)
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Азық-түліктер
  • Байланыс
  • CANTALIN® MICRO

Шолу

Созылмалы көктамыр жеткіліксіздігі (СКЖ) аяқтан көктамыр қанының жеткіліксіз ағып шығуымен сипатталады. СКЖ белгілеріне мыналар кіреді: тамырлардың түйнеліп кенелуі, ісіктің пайда болуы, тамыр жаралары, көтеу және аяқтың жанып, күйдіріп, шаншып, ауыруы, аяқта ауыртпалық күш пен шаршаңқылықтың сезінуі.

Cantalin® micro - бұл өте ұсақталған диосмин биофлавоноидтері (90%) мен гесперидиннен (10%) тұратын, арнайы әзірленген қоспа. Бұл екі заттектің майдалап ұсақталған түрі, оларды сіңіруді жақсартады және жылдамдатады, осылайша биологиялық қолжетімділікті арттыра түседі.

Диосмин мен гесперидин, биофлавоноидтер тұқымдастарына жататын және көптеген цитрус тұқымдастардың құрамына кіретін табиғи ингредиенттер болып табылады. Ғылыми зерттеулер биофлавонидтер қоспасы флеботроптық әсер ететіндігін және тамырларды қорғайтындығын көрсетті. Ол тамырлардың тонусын көтереді, лимфодренажды жақсартады және қылтамырлардың аса өткізгіштігін төмендетеді.

Cantalin® шағын-таблеткалар не үшін арналған?

  • Аяқта қанның дұрыс айналуын қолдау үшін.
  • Аяқтың ісуі, тамырлардың түйнеліп кеңеюі, мазасыз аяқ синдромы және аяқтың сырқырап ауыруы сияқты көктамырлық қан айналымы бұзылған кезде болатын нышандарды жеңілдетеді
  • Көтеу ауруы жіті өршіген кезде ауруды басуға көмектеседі.

Құрамы

Қоспа туралы деректер
Порция мөлшерлемесі: күніне 2 таблеткадан
Бір порцияның құрамы
Майдалап ұсақталған биофлавоноидтер
Диосмин 450мг*
Гесперидин 50мг*

* Тәуліктік мөлшері белгіленбеген.

32, 64 және 96 таблеткалардан тұратын қаптамалар бар.

Нұсқаулар

Ұсынылатын мөлшерлемесі: тамақ ішу кезінде біреуін күндіз және біреуін кешке, күніне 2 таблеткадан қабылдаңыз. Ұсынылған күндізгі мөлшерден асырмаңыз.

Жүктілік, бала емізу кезінде, басқа дәрілік препараттарды қабылдау кезінде немесе басқа аурулар бар болған жағдайда, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Препаратқа жанама реакция пайда болған жағдайда оны қабылдауды тоқтатыңыз және емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. 18 жасқа толмаған адамдарда қолдануға арналмаған. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Құрғақ және салқын жерде сақтаңыз.

Ағзаға әсер ету нәтижелерінде ерекшеліктер болуы мүмкін. Тағам қоспалары құнарлы тамақтануды алмастыру ретінде қарастырылмауы тиіс.

Толығырақ

  • Home
  • Privacy and Cookies Policy
  • Terms of Use
  • Байланыс
  • FAQ

© AGETIS Supplements Ltd 2020. All rights reserved.
Developed by: eGroup Services

Log In